Жалал-Абадта наразылар Бішкек-Ош жолын ашты

Фотография - Жалал-Абадта наразылар Бішкек-Ош жолын ашты

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында наразылық танытушылар жауып тастаған Бішкек-Ош жолы ашылды

146 0

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында наразылық танытушылар жауып тастаған Бішкек-Ош жолы ашылды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Наразылық танытқандар 2 маусымда оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісі мен белсенді, "Жалал-Абад облысының халық губернаторы" деп жарияланған Медербек Үсеновті босатуды талап етіп Бішкек-Ош жолын жауып тастаған еді.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті Медербек Үсеновті 2 маусымда қамаған еді. Наразылық танытушылардың талабынан соң оны 4 маусым күні түнде босатты. Үсенов бүгін Бішкек-Ош жолы бойындағы наразылық білдіргенге барып, жолды ашуға шақырған.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, қырғыз премьері Жантөре Сатыбалдиев бүгін наразылық танытушылармен жолықпақ.

31 мамырда жүздеген адам оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы үш жетекшісін босатуды талап етіп, наразылық танытқан еді. Шерушілер Жалал-Абадтағы облыс әкімшілігі кеңсесін басып алып, Медербек Үсеновті "халық губернаторы" етіп сайлағанын жариялаған. Арнайы қызмет Үсеновті осыдан соң бірден қамаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!