Түркия билігі әлеуметтік желілерді айыптады

Фотография - Түркия билігі әлеуметтік желілерді айыптады

Түркия премьері әлеуметтік желілерді қоғамдағы араздықты қоздырды деп айыптауда.  

253 0

Түркия премьері әлеуметтік желілерді қоғамдағы араздықты қоздырды деп айыптауда.

Түркияда бірнеше күннен бері халық толқулары толастамай отыр. Соңғы деректерге қарағанда 2 адам қайтыс болып, 3000-нан астам адам жарақат алған. Наразылыққа шыққан халықты ұйымдастырушы ретінде әлеуметтік желілер айыпталуда.

Премьер-Министр Реджеп Тайип Эрдоганның пікірінше, әлеуметтік желілер қоғамдағы келеңсіздіктерге бастамашы болып, жай бұқараны адастыруда. Facebook және Twitter желілеріндегі нақтыланбаған ақпараттар осының дәлелі деп санайды премьер.

Twitter желісінде минутына 3000-нан астам ақпараттар жарияланып, елдегі жағдайды одан сайын ушықтыра түскен. Митингі басталардан бірнеше күн бұрын бұл желіде билікке қарсы 2 млн. твит жарияланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілердің «құдіретімен» 2011 жылы Тунис, Мысыр елдерінде төңкерістер болған еді. Facebook әлеуметтік желісі елдегі революцияға бастамашы болып, биліктің орнынан кетуіне себепші ретінде танылды.


Тегтер:

туризм

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!