Грузия мүшелік талаптарын орындаған бойда НАТО мүшесі болады

Фотография - Грузия мүшелік талаптарын орындаған бойда НАТО мүшесі болады

 НАТО Тбилиси мүшелікке барлық талаптарды орындап, Блокқа қосылу үшін өлшемдерді қанағаттандырған бойда Грузияны Альянсқа қабылдауға әзір екенін кезекті мәрте қуаттады.

211 0

 НАТО Тбилиси мүшелікке барлық талаптарды орындап, Блокқа қосылу үшін өлшемдерді қанағаттандырған бойда Грузияны Альянсқа қабылдауға әзір екенін кезекті мәрте қуаттады.

Бұл туралы Альянстың 28 мүше-мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кездесуі барысында өтіп жатқан «НАТО-Грузия» Комиссиясы отырысын аша отырып, НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен айтты.

«Мен Грузияның болашақта Альянс мүшесі болуын асыға күтудемін. НАТО-ның Бухарестегі саммитінде қабылданған шешім қазірге дейін өзекті. Мүшелікке талаптарды орындаған бойда Грузия НАТО мүшесі болады», - деді А. Расмуссен.

НАТО мүше-мемлекеттерінің қорғаныс министрлері Альянстың Грузиямен маңызды реформаларды өткізуге қолдау жұмысын жалғастыруға келісті. Сонымен бірге Солтүстікатлантикалық блок  Грузияға өз мақсатына жетуге қажетті барлық көмекті көрсететін болады.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!