Путин Собяниннің отставкасын қабылдады

Фотография - Путин Собяниннің отставкасын қабылдады

 РФ Президенті Владимир Путин Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің отставкасын қабылдады

115 0

 РФ Президенті Владимир Путин Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің отставкасын қабылдады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Сонымен бірге мемлекет басшысы оны астаналық қала басшысы міндетін атқарушы етіп тағайындады. Мәскеу Үкіметі автоматты түрде отставкаға кетті.

«Мәскеу тәрізді осындай ірі мегаполистегі ішкі саяси оқиғаларға қарамастан, әлеуметтік тәртіп, қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілуі тиіс. Сіз бұл жүмысты атқара аласыз деп сенемін», деді Путин Собянинге қарата, сондай-ақ оған сайлауда сәттілік тіледі.

Собянин сайлауға өзін-өзі ұсына ма, әлде «Единая Россия» ұсына ма, ол жағы әзірге белгісіз. БАҚ мәліметтері бойынша, «Единая Россия» Собянинді ұсынуға әзір, бірақ та ол өзін өзі ұсынбақ.

Күзде Мәскеуде 10 жылдың ішінде алғаш рет мәр сайлауы өтеді. Сергей Собянин өз лауазымына қайта сайлауға түсуді жоспарлауда. Сол үшін мэр өзінің өкілеттігі 2015 жылы аяқталатын болса да, лауазымын мерзімінен бұрын тоқтатуды ұйғарды. Ол басшыларының сайлауы өтетін басқа аймақтардан астана да қалыспауы қажеттігін алға тартты.

Мәскеудегі сайлауға Собяниннен басқа кемінде онға тарта саясаткер қатысуды жоспарлауда, олардың арасында парламенттік партиялардан үміткерлер, оппозиционер Алексей Навальный, «Яблоко» көшбасшысы Сергей Митрохин, «Демократиялық партия» көшбасшысы Андрей Богданов және басқалар болмақ. «Гражданская платформа» жетекшісі Михаил Прохоров та дауысқа түсуі мүмкін.

Сергей Собянин Мәскеу мэрі қызметінде үш жылға жуық уақыт отырды. Ол бұл орынтаққа 2010 жылғы қазанда Юрий Лужковтың отставкасынан кейін келді.


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!