Иран Сирияны Кусейрді қайтарып алуымен құттықтады

Фотография - Иран Сирияны Кусейрді қайтарып алуымен құттықтады

Иранның Fars агенттігіне берген сұхбатында министрдің орынбасары Амир Абдуллахиан Сирия армиясының "дінсіз террористерді" (көтерілісшілерді меңзеп тұр) жеңгеніне қолдау білдірді

305 0

Иран сыртқы істер министрінің Африка және Араб елдері бойынша орынбасары Сирия үкіметін стратегиялық Кусейр қаласын көтерілісшілер бақылауынан тартып алғанымен құттықтады. Иранның Fars агенттігіне берген сұхбатында министрдің орынбасары Амир Абдуллахиан Сирия армиясының "дінсіз террористерді" (көтерілісшілерді меңзеп тұр) жеңгеніне қолдау білдірді.

Үкімет әскері Ливанмен шекарадағы Кусейр қаласын үш апта соғысып жатып, бақылауына алғанын сейсенбіде хабарлаған еді. Қаланың Сирия әскері қолына өткенін көтерілісшілер армиясының өкілі де растады. Көтерілісшілер таратқан мәлімдемеде олардың "қарсыластың әскери күшінің басымдығынан, қару-жарақтың жеткіліксіздігінен және "Хезболланың" араласуынан" кері шегінгені айтылады.

Өткен айда Ливанда орналасқан шииттік "Хезболла" ұйымы өз сарбаздары Кусейр қаласы үшін ұрыста Сирия үкіметі әскерімен бірге соғысатынын мәлімдеген еді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!