Наполеон Мысырдан алып келген Құран бәссаудадан алынып тасталды

Фотография - Наполеон Мысырдан алып келген Құран бәссаудадан алынып тасталды

Францияда Наполеон Египеттен алып келген Құран Каирдегі байырғы және беделді «Әл-Азхар»  университеті имамдарының талап етуімен бәссаудадан алынып тасталды

229 0

Францияда Наполеон Египеттен алып келген Құран Каирдегі байырғы және беделді «Әл-Азхар»  университеті имамдарының талап етуімен бәссаудадан алынып тасталды.

Енді Фонтенблода Osenat  бәссауда үйінің 9 маусымға белгіленген шарасы  қасиетті кітапсыз өтетін болды.

Құнды жәдігер Наполеонның 1798 жылғы Египетке жасаған жорығында Каирдегі «Әл-Азхар» университетінің жанындағы мешіттен алынған. Бәссауда жайында құлағдар болған Мысырдағы мешіт имамы Париждегі египеттік өкілдік арқылы бәссауданың ұйымдастырушыларынан Құранды алып тастауды өтінген.

«Біз египеттік тараптың өтінішін жерге тастамай, кітапты бәссаудадан алып тастауды ұйғардық», - деп атап өтті бәссауда үйінің өкілі Жан-Пьер Осен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!