Мұсылмандар қайырымдылығы АҚШ жұртын таңдай қақтырды

Фотография - Мұсылмандар қайырымдылығы АҚШ жұртын таңдай қақтырды

АҚШ-тың бір топ мұсылман жастары үйсіз-күйсіз жүрген мұқтаж жандарға күлкі-қуаныш сыйлау үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

152 0

АҚШ-тың бір топ мұсылман жастары үйсіз-күйсіз жүрген мұқтаж жандарға күлкі-қуаныш сыйлау үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Киім-кешек пен жеміс-жидек сатып алып, көшедегі мұқтаждарға таратып берген олар қаншама тіленші жанның ризалығына бөленді. Сондай-ақ, олар «Кісіге жылы сөйлегенің де, жымия қарағаның да – садақа» деген екі әлем Сардарының (с.а.с.) өсиетіне амал етіп, мейірлене күліп, көңілі жарым мұқтаж жандарға күлкі сыйлады.

Өздерін «АСА-ның шынайы оқиғасы» деп атаған команда мүшелері: Адам Салех, Шейх Әкбар және Абдолла Гуман осынау ізгілікті шараны таспаға түсіріп, ғаламторға орналастырған екен. Бірнеше күннің ішінде олардың бұл ролигін 286 мыңнан астам адам тамашалап үлгеріпті.

Олар қайырымдылық акциясын ғаламторға өзгелерге де үлгі болсын деген мақсатпен орналастырғандарын айтады.

Олар бұрын да «Мұсылмандармен таныс болыңыздар» деген атпен акция ұйымдастырған болатын.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!