Пхеньян мен Сеул келісімге дайын екенін білдірді

Фотография - Пхеньян мен Сеул келісімге дайын екенін білдірді

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бірнеше айға соызлған шиеленістен соң келіссөздер жүргізуге келісті

107 0

Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея бірнеше айға соызлған шиеленістен соң келіссөздер жүргізуге келісті.

Солтүстік Корея билігі Оңтүстік Кореямен өз аумағында бірлескен "Кэсон" индустриалды кешенінің жұмысын жандандыру туралы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді. 

"Кэсон" индустриалдық аймағы сәуір айында екі ел арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кеткен соң жабылған еді.

Солтүстік Корея Орталық телеграф агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян басқа да мәселелер бойынша, оның ішінде екі ел шекарасы ажыратқан кейбір отбасылар мүшелерін қайта қосу туралы да келісімге әзір.

Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігі Пхеньянның келіссөз жасау ұсынысын қабылдайтынын білдірді.

Екі елдің қарым-қатынасы Солтүстік Корея өткен жылдың желтоқсанында спутник ұшырып, ал биыл ақпанда ядролық сынақ жасаған соң нашарлап кеткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!