Латвия халқы еуро аймағына кіруге қарсы

Фотография - Латвия халқы еуро аймағына кіруге қарсы

Латвияның «Лат үшін, еуроға қарсымыз!» қоғамдық бірлестігі ұлттық валютаны сақтау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумды өткізуді қалайды.

256 0

Латвияның «Лат үшін, еуроға қарсымыз!» қоғамдық бірлестігі ұлттық валютаны сақтау мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдумды өткізуді қалайды.

Осыған орай, ұйым ел азаматтарының қолын жинауға кірісті.

«Белта» ақпараттық агенттігі хабарлағандай, Латвия елінің заңнамасына сәйкес, науқан барысында нотариуспен рәсімделген 30 мың қол жиналуы шарт. Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы оның барлығын ресми түрде есептейді. Бүгінде «Лат үшін, еуроға қарсымыз!» бірлестігінің бастамасына елдің басқа да қоғамдық ұйымдары қолдау білдірді. Олар өз мүшелері арасында қол жинап, тиісті материалдық көмек көрсетуге де даяр. Бұған дейін оппозиция «елде еуроны енгізу мерізімі жалпыхалықтық референдумда анықталуы тиіс» деген бастаманы көтеріп, заңмен бекітуді ұсынған болатын. Алайда Латвияның Сеймы аталған құжатты қайтарып жіберді.

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын Латвия үкіметі 2014 жылы 1 қаңтардан бастап еуро аймағына кіру туралы шешім қабылдаған. Бүгінде Еуропалық одақ комиссиясы Латвияның макроэкономикалық көрсеткіштерін барлық талаптарға сай деп танып отыр. Дегенмен, қазіргі қоғамдық сауалнама көрсетіп отырғандай, Латвия халқының 50 пайыздан астамы еуро валютасын енгізуге қарсы. 


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!