Лондонда Ислам орталығының ғимараты өртеніп кетті

Фотография - Лондонда Ислам орталығының ғимараты өртеніп кетті

6 маусым күні Британия астанасының сомали ауданында орналасқан Ислам орталығы өртеніп кетті

132 0

Лондонның солтүстігінде Ислам орталығының ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды The Telegraph.

6 маусым күні Британия астанасының сомали ауданында орналасқан Ислам орталығы өртеніп кетті. Куәгерлердің айтуынша, өрт шығардан бұрын жарылыстың дауысы естілген. Ғимарат түгелдей өртеніп кеткен. Қазір полиция өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Өртенген орталықтың қабырғасында Ағылшын қорғанысы лигасының (English Defence League) ультраұлтшылдық деп аталатын суреті табылған. Болжамдар бойынша, топ мүшелері осы әрекеттерімен корольдік полкта барабаншы қызметін атқарған 25 жасар британдық жауынгер Ли Ригбидің (Lee Rigby) өлімі үшін кек алған. 22 мамыр күні Ли Ригбиге қарулы екі «исламшы-фанат» шабуыл жасаған. Алайда, лига мүшелері өздерінің өртке қатысты екендіктерін мойнына алған жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!