Болотной ісі бойынша сотта алдын ала тыңдау басталды

Фотография - Болотной ісі бойынша сотта алдын ала тыңдау басталды

Бүгін өткен жылы мамырда Мәскеудің Болотной алаңында үкіметке қарсы шерулер кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

155 0

Бүгін өткен жылы мамырда Мәскеудің Болотной алаңында үкіметке қарсы шерулер кезіндегі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Сотқа тартылған 12 адамға "жаппай тәртіпсіздікке қатысып, полицияға шабуылдады" деген айыптар тағылып отыр. Егер айыптары дәлелденсе, олар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Болотная алаңындағы наразылық пен тәртіпсіздік Владимир Путиннің инаугурациясынан бір күн бұрын, 6 мамырда болған еді. Бұдан соң бірнеше адам ұсталып, оларға тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған. Оппозиция белсенділері наразылық кезінде туындаған тәртіпсіздіктерді биліктің өзі ұйымдастырды деп санайды.

Наразылық акциялары болуы мүмкін деген қауіппен Мәскеу сотының маңына полиция шоғарыландырылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!