Дубайдааса қымбат көліктер иесіз қалуда

Фотография - Дубайдааса қымбат көліктер иесіз қалуда

 Дубай әуежайындағы көп қабатты автотұрақ пен жол жиегінде қалың шаң басып қалған көліктер қала әкімшілігі үшін едәуір қиындық тудырып, әжептәуір мәселеге айналуда.

185 0

 Дубай әуежайындағы көп қабатты автотұрақ пен жол жиегінде қалың шаң басып қалған көліктер қала әкімшілігі үшін едәуір қиындық тудырып, әжептәуір мәселеге айналуда.

Оның басты себебі, көптеген шет елдік компаниялар өздерінің коммерциялық кәсіпорындарының банкрот болуымен және жылжымайтын мүлікке қатысты жұмыстарының сәтсіздікке ұшырауымен байланысты аймақта кейбір құнды дүниелерін басыбүтін тастап кетуге мәжбүр болған.

Енді көптеген "Феррари", "Порше", "БМВ", "Мерседес" секілді сүйріктей сәйгүлікке ұқсаған автокөліктер иесіз қаңтарылып тұр.

Қайсыбір көліктердің терезесіне иелері көліктің несиелік құжаттарын кешірім сұрай отырып, қыстырып кетсе, ал енді біреулері қараусыз қалған көліктің кілтін қоса қалдырған. Десек те, онымен ешкімнің шаруасы жоқ.

Ал жергілікті полицейлер тұрақта тұрып, шіри бастаған 129 суперкарді иесіз деп таныпты. Олардың қатарында 23 элиталы автокөлік болғанымен, оның жартысына жауығы БАӘ тұрғындарына тиесілі. Қалғандары шет елдік эмигранттардың меншігі. Соның бірі ретінде Ресей азаматының атына тіркелген бір темір тұлпарды полицейлер растап отыр.

Дубайдағы қымбат көліктер тасталған «қоқыс орнында» «Ferrari Enzo» көлігі де тұр. Оның иесі ағылшындық азамат әлемдік дағдарыс кезінде араб билігіне 150 мыңға жуық еуро қарызданған. Амалы құрыған ағылшын өте сирек кездесетін коллекция ретінде бағаланатын, құны 1 миллион доллар тұратын «Ferrari»-ін тастай қашып, полициядан құтылған.

Дегенмен, БАӘ борышкер болып қалған байшыкештердің басым бөлігі мұндағы өз мүліктері жайында мүлдем ұмытқан сынды. Сондықтан да болар, жергілікті биліктің арнайы шешімімен суперкарлар аукцион арқылы шетінен сатылымға шығарылуда.

Дубайда ұйымдастырылған бес бәссауда нәтижесінде билік өкілдері 2 млн. еуроның басын құрап үлгерді. Қайта сатылым шарасының баяу жүргізіліп жатқанына жергілікті тұрғындар да наразы. Шаң басқан көліктер қала көркін құртып қана қоймай, әужайдағы автопаркингте тұрақ тапшылығын тудырып жатқан көрінеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!