Лондонда мешіт пен ислам орталығын өртеп кетті

Фотография - Лондонда мешіт пен ислам орталығын өртеп кетті

Лондонда белгісіз біреулер мешіт пен ислам орталығын өртеп кетті. Қылмыстық істі терроризмге қарсы күрес бөлімі тергеп жатыр

243 0

Лондонда белгісіз біреулер мешіт пен ислам орталығын өртеп кетті. Қылмыстық істі терроризмге қарсы күрес бөлімі тергеп жатыр

Өртенген Ислам орталығының қабырғасына «EDL» деп жазып кеткен. Бұл «Ағылшын қорғанысы лигасы» деген сөздің қысқарған түрі. Сондықтан бұл істі тексеруді терроризмге қарсы күрес бөлімі қолға алды. Өйткені, АҚЛ елдің исламдануына қарсы үкіметтік емес бейресми ұйым.

Өрт таңғы үштердің кезінде шыққан. Куәгерлердің айтуынша, түнгі уақытта қатты жарылыстың даусы естілген.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлерге «нәсілшілдікті қоздырды» деген айып тағылуы мүмкін. Өрт болған ауданда негізінен сомалиліктер тұрады екен.


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!