Министр жалған дипломмен қызмет еткен

Фотография - Министр жалған дипломмен қызмет еткен

Якутияның жастар және отбасы істері жөніндегі министрі Александр Подголов қызметінен босатылды. Министрдің қызметтен кетуіне оның алаяқтық ісі себеп болды

158 0

Якутияның жастар және отбасы істері жөніндегі министрі Александр Подголов қызметінен босатылды. Министрдің қызметтен кетуіне оның алаяқтық ісі себеп болды.

Таяуда ғана қызметке келген А. Подголовты қызметтен босатуға Ресей Президенті Әкімшілігінің Якутияның Президенті Егер Борисовқа жасаған ұсынысы себеп болса керек.

Президент Әкімшілігі тарапынан болған тексеріс кезінде министрдің жалған дипломмен 21 жыл бойы әр түрлі салада қызмет етіп жүргені анықталған. Ол өзіне 1992 жылы Томск Университетін «инженер-электрик» мамандығы бойынша аяқтаған деп диплом жасаған. Томск Университеті бұл іске қатысты мәлімдеме жасап, А. Подголов 1989 жылы оқу үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылған деп хабарлады. 


Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!