Ильхам Әлиев Әзербайжан президенттігіне ұсынылды

Фотография - Ильхам Әлиев Әзербайжан президенттігіне ұсынылды

Әзербайжанның биліктегі Жаңа Әзербайжан партиясы президент Ильхам Әлиевті қазан айында өтетін президент сайлауына кандидат етіп ұсынды.

179 0


Әзербайжанның биліктегі Жаңа Әзербайжан партиясы президент Ильхам Әлиевті қазан айында өтетін президент сайлауына кандидат етіп ұсынды.

Жұма күні өткен партияның бесінші конгресінде президент Әлиев партия төрағасы болып қайта сайланды. Ал оның әйелі Мехрибан Әлиева партия төрағасы орынбасарларының бірі болып сайланды. 

Ильхам Әлиев елді 2003 жылдың қазанынан бері басқарып келеді. Ол бұған дейін екі рет президент болып сайланған.

2009 жылы Әзербайжан конституциясына түзету енгізіліп, президенттің екі мерзімнен артық мемлекет басқаруына мүмкіндік берілген еді.

Әзербайжан оппозициясы мен құқық қорғаушылары Әлиевті билік пен мемлекет байлығын отбасы мүшелерінің қолына шоғырландырды және адам құқықтарын үнемі бұзады деп айыптайды.


Тегтер:

бразилия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!