АҚШ-та тағы да атыс

Фотография - АҚШ-та тағы да атыс

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Моника колледжінде бүгін атыс болып, төрт адам көз жұмды. Алғашқы ақпараттар бойынша, оқиға салдарынан алты адам қайтыс болды деп айтылған болатын. Дегенмен, жергілікті билік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жараланғандардың нақты саны айтылмайд

313 0

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Санта-Моника колледжінде бүгін атыс болып, төрт адам көз жұмды. Алғашқы ақпараттар бойынша, оқиға салдарынан алты адам қайтыс болды деп айтылған болатын. Дегенмен, жергілікті билік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Жараланғандардың нақты саны айтылмайды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қаскөй алдымен тұрғынүйлердің біріне кіріп, екі азаматты атып салған. Кейін дереу оқу орнына жетіп, бұл жерде де екі жанның өмірін қиыпты.

Қолда бар мәліметке сенсек, күдікті колледждің кітапханасына бекініп, полицейлермен атысқан. Көп ұзамай өзі де оққа ұшты. Ол шамамен жиырма жаста және үстінде оқ өткізбейтін жилеті, қолында винтовкасы болған.

Санта Моника колледжі маңында жуырда ғана АҚШ президенті Барак Обама қайырымдылық шарасын өткізген болатын.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!