АҚШ пен Қытай басшылары кездесті

Фотография - АҚШ пен Қытай басшылары кездесті

Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама осы елге сапармен келген Қытай басшысы Си Цзиньпинмен Калифорния штатындағы жеке ранчода кездесті

154 0

Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама осы елге сапармен келген Қытай басшысы Си Цзиньпинмен Калифорния штатындағы жеке ранчода кездесті.

Ақ үй басшысы Қытайдың "бейбіт жолмен дамып, гүлденуі бұл елге ғана емес, барша әлемге және АҚШ үшін де пайдалы" болатынын мәлімдеді. Ол екі ел арасындағы экономикалық бәсекелестік, зияткерлік меншікті қорғау мен кибер-қауіпсіздік мәселелерінде АҚШ Қытаймен әріптестік қатынасқа мүдделі екенін жеткізді. Бұдан өзге Обама Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы, жойқын қаруды таратпау және ғаламдық ауа-райы сияқты мәселелерді де айтты.

"Жалпы стратегиялық және экономикалық мәселелерге қоса адам құқығын сақтаудың маңыздылығын да атап өтемін" деді Барак Обама.

Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ пен Қытай қатынастарына "өз халықтармыздың түбегейлі мақсаты тұрғысынан қарап, күш-жігерді адами қарым-қатынастардың жаңа үлгісін қалыптастыруға жұмсау" қажеттігі туралы айтты.

Бұл Цзиньпиннің биыл наурыз айында Қытай президенті болып сайланғаннан бері Обамамен алғаш рет кездесуі.

Бұған дейін АҚШ әскери өкілдері "Қытай АҚШ-тың ақпараттық желілеріне кибершабуылдар жасайды" деген айыптаулар айтқан еді. Қытайдағы адам құқығының жағдайы да АҚШ пен өзге батыс елдері тарапынан сынға жиі алынады.


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!