Екі Корея өкілдеріекі жылда алғаш рет кездесті

Фотография - Екі Корея өкілдеріекі жылда алғаш рет кездесті

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея өкілдерінен тұратын жұмыс тобы бүгін шекаралық аймақтағы Пханмунджом бекетінде кездесіп, алдағы аптаға белгіленген екі мемлекеттің министрлері кездесуіне дайындыққа қатысты пікір алмасқан.

207 0

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея өкілдерінен тұратын жұмыс тобы бүгін шекаралық аймақтағы Пханмунджом бекетінде кездесіп, алдағы аптаға белгіленген екі мемлекеттің министрлері кездесуіне дайындыққа қатысты пікір алмасқан.

Бұл соңғы екі жылда қос тараптың ресми өкілдерінің қатысуымен өткен алғашқы кездесу.

Пхеньян мен Сеул бірнеше айға созылған шиеленістен соң өзара келіссөздер жүргізуге уағдаласқан еді. Алайда, маусымның 12-і күні Сеулде өтеді деп жоспарланған министрлер кездесуіне қатысатындар құрамы әлі нақтыланған жоқ.

Бұған дейін Солтүстік Корея билігі Оңтүстік Кореямен өз аумағында бірлескен «Кэсон» индустриалды кешенінің жұмысын жандандыру туралы келіссөздерге дайын екенін мәлімдеген боатын.

Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас былтыр желтоқсанда Солтүстік Корея жасанды жер серігін ұшырып, биыл ақпанда ядролық сынақ жасаған соң нашарлап кетті. Корей түбегі аймағында АҚШ қарулы күштерімен бірлескен жаттығулар өткізген Оңтүстік Кореяға солтүстіктегі көршісі бірнеше рет дөң айбат жасаған болатын.

Биыл Солтүстік Корея үшінші рет ядролық жарылыс жасаған соң БҰҰ Пхеньянға қарсы қосымша санкциялар салған еді.


Тегтер:

Корея

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!