Guardian: Онлайн бақылау құпиясын тыңшының өзі ашты

Фотография - Guardian: Онлайн бақылау құпиясын тыңшының өзі ашты

Ұлыбританиялық Guardian газеті журналиске америка үкіметінің онлайндық бақылау орнататын құпия бағдарламасы туралы ақпарат берген адамның аты-жөнін жария етті.

127 0

Ұлыбританиялық Guardian газеті журналиске америка үкіметінің онлайндық бақылау орнататын құпия бағдарламасы туралы ақпарат берген адамның аты-жөнін жария етті.

Guardian-ның хабарлауынша, PRISM деп аталатын құпия бағдарлама туралы ақпаратты басылымға АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінде келісім-шарт бойынша қызмет істейтін Эдвард Сноуден деген азамат берген. Ол басылымнан аты-жөнін жария етуді өзі сұраған.

Guardian-ның жазуынша, Сноуден қоғамды азаматтарға қарсы және олардың атынан не істеліп жатқаны туралы хабардар еткісі келген.

Бағдарлама ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Федералдық тергеу бюросына америкалық ең ірі интернетпровайдерлерінің серверлеріне тікелей қосылып, терроризмге қатысы бар деген күдікті шетел азаматтарының электронды хаттары мен басқа да құжаттарын бақылауына мүмкіндік береді.

АҚШ президенті Барак Обаманың айтуынша, бұл бағдарлама қатаң бақылауда және оны қолдану үшін конгрестің мақұлдауы қажеті.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!