Сириялық "исламистер" жасөспірімді ата-анасының көзінше өлтірді

Фотография - Сириялық "исламистер" жасөспірімді ата-анасының көзінше өлтірді

Өздерін мұсылман санайтын сириялық діншілдер 15 жасар жасөспірімді "Құдайға тіл тигізді" деп айыптап, өлтіріп тастады

174 0

Өздерін мұсылман санайтын сириялық діншілдер 15 жасар жасөспірімді "Құдайға тіл тигізді" деп айыптап, өлтіріп тастады. Бұл жайында AFP хабарлайды.

Мұхаммед Катта Алеппо қаласында кофе сатумен айналысқан. Оны лаңкестер ата-анасы мен бауырларының көзінше атып салған. Lenta.ru хабарлағандай, марқұм осыдан бірнеше күн бұрын жұрттың көзінше исламнан бас тартатындығын мәлімдеген. Тіпті Пайғамбардың өзі аспаннан түссе де мұсылман болмаспын деп айтса керек.

Иә, бесіктен белі шықпаған бала көзін ашқалы "діншілдердің" соғысын көріп өссе нағыз исламның не екенін қайдан білсін?!

Syrian Observatory for Human Rights адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымның басшысы айтқандай, баланы өлтіргендер шетелден келген жалдамалы еріктілер болуы әбден мүмкін. Өйткені олар бір-бірімен сириялық диалектісіз таза араб тілінде сөйлескен. Аталған ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл оппозицияның Башар Асад режиміне жасаған кезекті тосын сыйы. Өйткені, мұнан кейін халық қорыққанынан көтерілісшілер жағына өтіп кетуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, Сириядағы азаматтық соғыстың басталғанына екі жылдан асты. Осы уақыттан бері елде жүз мыңнан астам адам көз жұмған.


Тегтер:

сирия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!