Ердоған: Билікте қалуым сайлауда анықталады

Фотография - Ердоған: Билікте қалуым сайлауда анықталады

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елдегі наразылық шерулеріне деген төзімінің шегі барын мәлімдеп, тәртіпсіздіктерді осыдан алты жыл бұрын армияның өзінен билікті тартып алу әрекетімен салыстырды

138 0

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған елдегі наразылық шерулеріне деген төзімінің шегі барын мәлімдеп, тәртіпсіздіктерді осыдан алты жыл бұрын армияның өзінен билікті тартып алу әрекетімен салыстырды. 

Мыңдаған адам Стамбулдағы Таксим алаңында үкіметке әлі шерулетіп тұр. Наразылық шерулерінің басталғанына осымен он бір күн болады.

Анкараға жақын Адана қаласында сөйлеген Ердоған билікте қалу-қалмауын көшедегі наразылықтар шерулері емес, сайлау шешетінін айтты. Ол бұған дейін наразылық шерулерінде "экстремистік элементтер барын" айтқан еді.

Анкарада наразылық шерулеріне қатысқандарға полиция су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданып жатыр.

Мамырдың соңында басталған наразылық шерулерінде барлығы 3 адам қаза тауып, бес мыңға тарта адам жараланды. Наразылық шерулері елдің 78 қаласында өтіп жатыр. 31 мамырда Стамбулдағы Таксим алаңына шығып, қала орталығындағы саябақтың орнына сауда ғимаратын салу туралы билік жоспарына қарсылық білдірген жүздеген адамды полиция көзден жас ағызатын газбен атқылап қуып таратқан. Бұдан соң Стамбул, Анкара және Измир қалаларында мыңдаған адам жаппай наразылық акцияларын өткізді. Бұл шерулерде үкіметке саяси талаптар да қойылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!