Индонезия мұсылмандары «Әлем аруын» зинақорлыққа насихаттайды деп есептейді

Фотография - Индонезия мұсылмандары «Әлем аруын» зинақорлыққа насихаттайды деп есептейді

Бейсенбіде Индонезияның мұсылмандар ұйымы наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді

178 0

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында мұсылман елі - Индонезияда өтетін «Әлем аруы» байқауының ұйымдастырушылары биыл осынау дүбірлі додада бағын сынайтын қыз-келіншектердің тәнін жалаңаштап шықпайтынына сендірді.

Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 130-дан аса үміткер қатысады. Бәйгенің бірнеше кезеңі Бали аралдарында өтеді. Ал ақтық кезеңі Батыс Явадағы Богорда болады.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, жағажайда киімдерінің сән үлгілерін көрсету кезінде байқауға қатысатындар сахнаға тәнін жауып тұратын киіммен шығады. Бұл жайында Inquirer LifeStyle хабар таратты.

Индонезияда 240 млн. мұсылман тұрады. Бұл көрсеткіш ел тұрғындарының 90 пайызын құрайды.мұсылмандардың кей жамағаты елде мұндай масқара шараның өтуіне үзілді-кесілді қарсылық білдірген болатын. Ол ол ма, ұйымдастырушылардың әлгіндей уәжімен де келіспей, зинаны насихаттайтын мұндай шараның өзі шариғатқа қайшы екенін алға тартып отыр.

Бейсенбіде Индонезияның мұсылмандар ұйымы наразылық акциясын өткізетінін мәлімдеді. Жергілікті мұсылмандардың өткен жолы осынау байқауды Индонезияда өткізбей тастағанын айта кету керек.

Сонымен қатар, «Әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықпен күресу жөніндегі ұлттық комиссияның» құқық қорғау бөлімі ел тұрғындарын қызбалыққа салынбауға шақырып отыр


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!