Иран парламентінің экс-спикері сайлаудан бас тартты

Фотография - Иран парламентінің экс-спикері сайлаудан бас тартты

Иран ақпарат құралдары парламенттің бұрынғы спикері Голам Әли Хаддад Адел 14 маусымда өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын хабарлады.

126 0

Иран ақпарат құралдары парламенттің бұрынғы спикері Голам Әли Хаддад Адел 14 маусымда өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын хабарлады.

10 маусымда жарияланған мәлімдемеде Хаддад Адел сайлаушыларды дауыс берген кезде Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейдің саясатына қолдау білдіруге шақырған.

Хаменеймен жақын байланысы бар Хаддад Адель сайлаудан бас тарту себебін түсіндірмеді.

21 мамырда сайлауға кімнің қатысатынын анықтайтын Конституциялық қадағалау кеңесі 700 үміткердің арасынан тек сегіз адамды ғана сайлауға түседі деп шешкен еді.

Енді сайлауға қалған жеті кандидат түспек. Олар - бұрынғы вице-президент Мохсен Резаи, Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Халибаф, бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази, бұрынғы сыртқы істер министрі Әли Акбар Велаяти, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бұрынғы және қазіргі келіссөзді жүргізушілер Хасан Рохани мен Саид Жалили және университет профессоры Мохаммад Реза Ареф.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!