Грузияда парламент ғимаратының шатыры опырылып түсті

Фотография - Грузияда парламент ғимаратының шатыры опырылып түсті

 Бұл жайында Грузияның БАҚ өкілдері жарыса жазуда.

115 0

Грузияның Кутаиси қаласындағы парламенттің су жаңа ғимаратының шатыры опырылып түсті. Депутаттар мұнда өткен жылдың күзінде ғана көшіп келген болатын. Бұл жайында Грузияның БАҚ өкілдері жарыса жазуда.

Оқыс оқиғаға шатырмен жүргізілген су құбырының тесілуі себеп болып отыр. Тоқтаусыз аққан су шатырдағы гипсокортонды жібітіп, салдарынан жоғарыдағы бөренелер мен темір бағандар ең төменгі қабатқа дейін құлаған.

"Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ" деді парламент аппаратының басшысы Зураб Мараквелидзе.

Елдің кейбір азаматтары бұған дейін аталған ғимаратты қайта өрлеудің нышаны деп келген болатын. 2012 жылы билікке келген топ ел парламент Тбилисиде орналасуы керек еді дегенді айтып отыр.


Тегтер:

Грузия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!