Түркіменстанда бірінші рет өзге партия өкілі депутат болды

Фотография - Түркіменстанда бірінші рет өзге партия өкілі депутат болды

Түркіменстанда тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері бірінші рет парламентке билік партиясынан өзге партияның мүшесі сайланды

160 0

Түркіменстанда тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері бірінші рет парламентке билік партиясынан өзге партияның мүшесі сайланды.

Таяуда құрылған Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының төрағасы Овезмамед Мамедов парламентке Лебап уәлаятынан депутат болып сайланды.

Түркіменстан тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері елде бұрынғы коммунистік партияның орнына құрылған Түркіменстанның демократиялық партиясы ғана болды. Партияны президенттер басқарып келеді.

Өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясы 2012 жылы президент Гурбангулы Бердімұхамедов елде көппартиялы басқару жүйесін құру қажетін айтқан соң құрылған.

Дегенмен қазіргі түркімен билігін сынаушылар басқарушы партияға балама партиялар құрылғанымен ешнәрсе өзгермейді деп санайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!