Стамбулда Таксим алаңына арнайы полиция кірді

Фотография - Стамбулда Таксим алаңына арнайы полиция кірді

Стамбулдың орталығындағы үкіметке қарсы наразылық шерулері өтіп жатқан Таксим алаңына тәртіпсіздіктерді басатын арнайы полиция жасақтары кіргізілді

293 0

Стамбулдың орталығындағы үкіметке қарсы наразылық шерулері өтіп жатқан Таксим алаңына тәртіпсіздіктерді басатын арнайы полиция жасақтары кіргізілді деп хабарлайды BBC. Сейсенбі таңертең алаң маңайына брондалған техникалармен арнайы полиция жасақтары кіргізіле бастаған.

Полиция ондағы демонстранттарды тарату үшін су шашып, көзден жас ағызатын газ қолданып жатыр.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған сәрсенбіде демонстрацияны ұйымдастырушылармен кездесуге келіскен.

31 мамырда Стамбулдағы Таксим алаңына шығып, қала орталығындағы саябақтың орнына тарихи ғимаратты қалпына келтіру туралы билік жоспарына қарсылық білдірген жүздеген адамды полиция көзден жас ағызатын газбен атқылап қуып таратқан. Бұдан соң Стамбул, Анкара және Измир қалаларында мыңдаған адам жаппай наразылық акцияларын өткізді. Бұл шерулерде үкіметке саяси талаптар да қойылды.

Наразылық шерулерінде барлығы 4 адам қаза тауып, 5 мыңға тарта адам жараланды. Қарсылық шерулері елдің бірнеше қаласында өтіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!