Иран президенті сайлауынан тағы бір кандидат бас тартты

Фотография - Иран президенті сайлауынан тағы бір кандидат бас тартты

Иранда президенттіктен үміткер реформашыл кандидат, бұрынғы вице-президент Мохаммад Реза Ареф 14 маусымда өтетін президент сайлауына қатысудан бас тартты

175 0

Иранда президенттіктен үміткер реформашыл кандидат, бұрынғы вице-президент Мохаммад Реза Ареф 14 маусымда өтетін президент сайлауына қатысудан бас тартты.

Реза Арефтің айтуынша, реформашылдар қозғалысының жетекшісі Мохаммад Хатами оған сайлаудан бас тартуға кеңес берген.

Дүйсенбіде президенттіктен тағы бір үміткер - парламенттің бұрынғы спикері, консерватор Голам Әли Хаддад Адел де сайлауға түсуден бас тартқан еді.

21 мамырда сайлауға кімнің қатысатынын анықтайтын Конституциялық қадағалау кеңесі 700 үміткердің арасынан тек сегіз адамды ғана сайлауға түседі деп шешкен еді.

Сайлауға қатысатын қалған алты кандидаттың көпшілігі Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейге жақын консерваторлар.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!