Қытайда ғарышқа екінші рет әйел ұшырды

Фотография - Қытайда ғарышқа екінші рет әйел ұшырды

Қытай ғарышқа екінші рет әйел ғарышкер ұшырды. Сейсенбіде Қытайдың батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан бортында қытайлық әйел және екі ер ғарышкері бар "Шэньчжоу" ғарыш кемесі ғарышқа ұшырылды

235 0


Қытай ғарышқа екінші рет әйел ғарышкер ұшырды. Сейсенбіде Қытайдың батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан бортында қытайлық әйел және екі ер ғарышкері бар "Шэньчжоу" ғарыш кемесі ғарышқа ұшырылды. Ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалауға айлаққа Қытай президенті Си Цзиньпиннің өзі барды.

Ғарышкерлер 15 күндік сапарында ғарыш кемесін "Тяньгун-1" ғарыш модулімен түйістірмек.

33 жастағы қытайлық ғарышкер әйел Ван Япин қытайлық оқушыларға ғарыштан сабақ беріп көрмек. Қытайлық алғашқы әйел ғарышқа өткен жылы ұшырылған еді.

Қытай ғарышты игеруді бастаған соңғы он жылда ғарышқа осымен бесінші рет адам ұшырып отыр.

Қытай 2020 жылға дейін өз ғарыш станциясын құруды жоспарлап отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!