Ташкентте экстремист-әйелдер даярлайтын мектеп әшкереленді

Фотография - Ташкентте экстремист-әйелдер даярлайтын мектеп әшкереленді

деп хабарлады Лента.ру құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйене отырып.

181 0

Ташкентте әйелдерді эстремистік көзқарасқа тәрбиелеу қызметімен айналысқан жергілікті әйел ұсталды, деп хабарлады Лента.ру құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сүйене отырып.

Өткен жылы күйеуі діни «Хизб-ут-Нусрат» экстремистік ұйымына қатысы үшін тоғыз жылға сотталған адамның Лола Ахмеджанова деген әйелі экстремист-әйелдер даярлаумен айналысқан. Жұбайының нұсқауымен ол төңірегіне діни сенімдегі әйелдерді топтастырып, оларға діни сабақ берумен айналысқан.

Дереккөздің айтуынша, алғашқы кезде ислам дініне және араб жазуын оқуға көңіл бөлінген. Бара-бара «Хизб-ут-Тахрир» және «Хизб-ут-Нусрат» экстремистік ұйымдарының эстремистік көзқарастарына қарай ауысқан. Оқыту үшін ол жамағаттарынан ақша алған, ал ақысын төлей алмайтындар оның бақшасында жұмыспен өтеген.

Психологиялық ықпал жасалғаннан кейін әйелдер өздерінің «тәлімгерінің» нұсқауларын бұжытпай орындап отырған. «Әйелдер мен балалар, соның ішінде кәмелетке толмағандар хиджап киген, оларға мектепте сабақ оқуға, ойын-сауық телебағдарламаларын көруге, туған күндерін атап өтуге тыйым салынған. Ең қауіптісі, ересектерге де, балаларға да атеистер мен басқа діндерді тұтынатын адамдарға өшпенділік сезімін еккен», деп атап өтті құқық қорғау органының өкілі.  

«Экстремист-әйелдер мектебі» бірнеше жыл бойы жұмыс істеген, онда бірнеше ондаған әйелдер тәлім алған. Олардың одан кейінгі тағдыры нақтыланбаған.

Қазіргі кезде Ахмеджанова мен  оның сыбайлас серіктеріне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!