АҚШ үкіметін құпия бағдарламасы үшін сотқа берді

Фотография - АҚШ үкіметін құпия бағдарламасы үшін сотқа берді

Америка азаматтық еркіндік одағы (American Civil Liberties Union немесе ACLU) АҚШ үкіметін америкалықтар мен шетелдіктердің онлайн деректері мен телефондағы әңгімелерін тыңдайтын бағдарламасына қатысты сотқа берді

125 0

Америка азаматтық еркіндік одағы (American Civil Liberties Union немесе ACLU) АҚШ үкіметін америкалықтар мен шетелдіктердің онлайн деректері мен телефондағы әңгімелерін тыңдайтын бағдарламасына қатысты сотқа берді.

Ұйым шағымда тыңшылық жасайтын құпия бағдарлама азаматтардың еркін қарым-қатынас жасау құқығын бұзатынын айтып, америка үкіметін оны қолдануды доғаруға шақырған.

Бұған дейін Washington Post пен ұлыбританиялық Guardian басылымдары АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі арнайы бағдарлама арқылы елдегі жетекші интернет компанияларының серверлеріне кіріп, түрлі құжаттар мен дербес деректер алумен айналысатыны туралы жазған еді. Guardian PRISM деп аталатын бұл құпия бағдарлама туралы ақпаратты басылымға АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден деген азамат берді деген.

АҚШ арнайы қызметінің өкілдері тыңшылық жасайтын бағдарлама америкалықтарды қорғау үшін қажетін айтып, оның жеке адамдардың құқықтарын бұзбайтынын мәлімдеген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!