Африка мұсылмандары Барак Обаманы соттауды талап етіп отыр

Фотография - Африка мұсылмандары Барак Обаманы соттауды талап етіп отыр

Бұл ақпаратты оңтүстік Африкалық полиция қызметкерлері растап отыр.

236 0

Бір топ мұсылман заңгерлерлері АҚШ президентін алдағы уақытта Оңтүстік Африкаға жасайтын ресми сапары кезінде тұтқындауды талап етіп, құзырлы органдарға шағым түсірген. Бұл ақпаратты оңтүстік Африкалық полиция қызметкерлері растап отыр.

Дәлірегі, Мұсылмандардың заңгерлер қауымдастығы Барак Обаманың үстінен геноцидтік және адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін Ұлттық қылмыстық тергеу органына шағым түсіріп, тергеу амалдарын жүргізуді талап етіп отыр. Обаманың кінәсі дәлелденген жағдайда тұтқындалып, сотталуы тиіс дейді.

Бұл шағымда қауымдастық өкілдері құзырлы органдарды өз міндетіне және халықаралық міндеттемелеріне де жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«Арызда Оңтүстік Африка мемлекеттік рим мәртебесіне қол жеткізіп, істің Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сотқа берілуі керек екендігі айтылған», – деді қауымдастық өкілі.


Тегтер:

Африка

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!