ТунистеFEMEN өкілдері сотталды

Фотография - ТунистеFEMEN өкілдері сотталды

Тунисте әділет министрлігінің алдында жартылай жалаңаштанып, акция өткізген еуропалық FEMEN  тобының үш өкілі сотталды. Топ мүшелері қоғамдық әдепті аяққа таптады және қоғамдық тәртіпке қауіп төндірді деп айыпталып, төрт ай түрмеде отыру жазасына кесілді.

170 0

Парижде орналасқан қозғалыс жетекшісі Инна Шевченконың айтуынша, топ өкілдері осындай акцияларды тағы да өткізбек. Ол сот шешімін "Тунисте диктатура барын дәлелдейтін саяси шешім" деп атады. 

Үш әйел өткен айда Тунис азаматы Амина Сбуиді босатуды талап етіп, акция өткізген. Амина Сбуи зират қабырғасына FEMEN деген жазу жазып кеткен соң тұтқындалған еді.

Сбуи Тунистегі әйелдердің жағдайына наразылық ретінде интернетке жартылай жалаңаш түскен суретін қойған соң халықаралық деңгейде танымал болған.

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!