АҚШ-та 8 адам "киберқылмыс жасады" деп айыпталды

Фотография - АҚШ-та 8 адам "киберқылмыс жасады" деп айыпталды

АҚШ федералдық прокуратурасы сегіз адамға халықаралық киберқылмыс жасады деген айып тақты. Айыпталғандардың арасында украин азаматтары да бар.

142 0


АҚШ федералдық прокуратурасы сегіз адамға халықаралық киберқылмыс жасады деген айып тақты. Айыпталғандардың арасында украин азаматтары да бар.

Прокуратура оларды оннан астам қаржы мекемелерінің және америкалық әскерилердің жалақы төлеу қызметінің компьютерлеріне кибер шабуыл жасады деп айыптайды. Прокуратураның деректері бойынша, қылмыстық топ өкілдері 15 миллион АҚШ долларын жымқырмақ болған. Күдіктілерге "алаяқтық жасады, қаржы жымқырды және жеке адамдардың деректерін ұрлады" деген айыптар тағылған.

Топтың басшысы 33 жастағы украин азаматы Алексей Шарапка мен тағы бір украиналық қазір бостандықта жүр.

Қазірге дейін төрт адам тұтқындалған. Прокуратура хакерлік шабуыл Шарапка 2012 жылы Массачусетс штатында түрмеге түсіп, АҚШ-тан депортацияланғаннан соң басталған деп болжап отыр.

 


Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!