Түркия үкіметі елде референдум өткізуді ұсынды

Фотография - Түркия үкіметі елде референдум өткізуді ұсынды

Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясы Стамбулда наразылықтарға түрткі болған Гези паркінде құрылыс жүргізу мәселесін шешу үшін елде референдум өткізуді ұсынды.

161 0

Түркияның басқарушы Әділет және даму партиясы Стамбулда наразылықтарға түрткі болған Гези паркінде құрылыс жүргізу мәселесін шешу үшін елде референдум өткізуді ұсынды.

Әділет және даму партиясының өкілі Хусейн Челиктің айтуынша, үкімет Стамбулда референдум өткізу демонстранттарды Гези паркі мен Таксим алаңында наразылықтарын тоқтатуға ықпал етеді деп үміттенеді.

Сәрсенбі, 12 маусымда премьер-министр Режеп Тайып Ердоған демонстранттардың бір топ өкілімен кездескен.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратуы салдарынан елде үлкен наразылықтар туған еді. Қарсылық шерулері елдің бірнеше қаласында үкіметке деген наразылықтарға ұласқан.

Демонстрациялар екі аптаға созылып, маусымның 11-інде Стамбулда Гези паркіне жақын Таксим алаңына арнайы полиция жасағы кіргізілген. Полиция шерушілерді қуып тарату үшін су мен көзден жас ағызатын газ қолданып, резеңке оқтармен атқан.

Сәрсенбі, 12 маусымда премьер-министр Режеп Тайып Ердоған демонстранттардың бір топ өкілімен кездескен.

Премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның қарсыластары оны авторитарлық билік орнатып жатыр және консервативтік ислами құндылықтарды енгізуге тырысады деп айыптайды.

Наразылық шерулері басталғалы бері 3 адам қаза тауып, 5 мыңнан астам кісі жараланған.


Тегтер:

еуропа

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!