Google: Ирандағы аккаунт иелерінің кілті ұрланды

Фотография - Google: Ирандағы аккаунт иелерінің кілті ұрланды

Google Ирандағы он мыңдаған қолданушыларының Gmail аккаунтының кілт сөздері ұрланғанын хабарлады.

208 0

Google Ирандағы он мыңдаған қолданушыларының Gmail аккаунтының кілт сөздері ұрланғанын хабарлады.

Google қолданушылардан аккаунт логині мен оның кілт сөзін алдап алу жағдайлары Иранда басталғанын және оның Ирандағы президент сайлауымен байланысты саяси астары бар болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ компания бұл науқаннан не себепті саяси астар іздеп отырғанын айтқан жоқ.

Интернет компаниясының мәлімдеуінше, акканттың кілт сөздерін ұрлау науқаны үш апта бұрын басталған. "Бұл жолғы кілт сөздерді ұрлау науқанына осыдан екі жыл бұрын Ирандағы кибершабуылдарды ұйымдастырған топтың қатысы бар" дейді компания өкілдері.

Компанияның техникалық қауіпсіздік вице-президенті Эрик Гросс ирандықтарды аккаунтарын қорғау шараларын жасауға және қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырды.

Иранда президент сайлауы ертең, 14 маусымда өтеді.


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!