Бөгдепланеталық жайында жалған ақпарат берген қытайлық түрмеге қамалды

Фотография - Бөгдепланеталық жайында жалған ақпарат берген қытайлық түрмеге қамалды

Осыдан бірнеше күні бұрын өз үйінде бөгдепланеталықты сақтаған қытайлық туралы ақпарат жарияланған болатын

180 0

Осыдан бірнеше күні бұрын өз үйінде бөгдепланеталықты сақтаған қытайлық туралы ақпарат жарияланған болатын. Бүгін сол Қытай азаматының бес күнге абақтыға жабылғандығы туралы тағы бір ақпар келді. Globaltimes хабарлағандай, айыпталушы тәртіп сақшыларына өзінің өтірік айтқандығын мойындаған. Белгілі болғандай, жатпланеталықтың өлі денесін қытайлық сымнан, желім мен ақ боядан жасапты.

Жалған ақпаратты шындай етіп әлемдік басылымдар 9 маусымнан бастап жариялай бастаған болатын. Бұл күні "өнертапқыш" жігіт интернет-форумда жұрттан сүйінші сұрап, апатқа ұшыраған өзгепланеталықтың денесін тауып алғандығын айтқан еді. Жазбасында ол оқиғаны 9 наурызда болғандығын көрсетіпті. Тіпті, сол маңнан бірнеше өзге ғаламшардан келген "қонақтарды" көргендігін мәлімдеген. Ал, бұл ақпаратты жұртшылыққа не үшін тек үш айдан кейін хабарлағаны әзірге түсініксіз болып отыр.

Тәртіп сақшылары дереу бұл ақпардың ешқандай шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдесе де БАҚ өкілдері "жерден жеті қоян тапқандай" жаңалықты тоқтаусыз жазды. Ал, қытайлық блогерлер болса жуырда ғана Хубэй провинциясында жергілікті тұрғындардың белгісіз ұшу аппаратын көргендігін мәлімдеп отыр. Тіпті таспаға да түсіргенбіз дейді олар.


Тегтер:

Тайланд

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!