Бүгін - Дүниежүзілік донор күні

Фотография - Бүгін - Дүниежүзілік донор күні

2005 жылдың мамырында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының барысында бірқатар мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан мақұлдады

272 0

2005 жылдың мамырында Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының барысында бірқатар мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті бірауыздан мақұлдады.

Олар қарарда 14 маусымды Дүниежүзілік қан донорының күні ретінде атап өтуді бекітті.

Аталмыш шараға БҰҰ-ға қатысушы 193 мемлекет, Қызыл жарты ай мен Қызыл крест ұйымдарының 181 ұлттық қоғамы, ерікті қан тапсырушылардың 50 ұйымы және әлемнің түкпір-түкпірінен қан құюға машықтанған көптеген мамандар қатысады.

Әлемде әр секундта кез келген жастағы адамда және оның шығу-тегіне қарамастан қан құюға деген қажеттілік туындайды. Қанға деген қажеттілік жалпы болғанымен, оған қолжетімділік барлығында бірдей емес. Әсіресе қанға деген тапшылық әлем халқының дені тұратын дамушы елдерде байқалуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!