АҚШ соты адам генін патенттеуге тыйым салды

Фотография - АҚШ соты адам генін патенттеуге тыйым салды

АҚШ жоғарғы соты адам генін патенттеуге тыйым салды. Сот шешімі бойынша Юта штатында орналасқан Myriad Genetics компаниясы тұқым қуалайтын омырау және аналық без қатерлі ісігі гендеріне беретін патентінің күшін жойды.

248 0

Дәрігерлер мен ғалымдар бұған дейін компанияның бұл гендерді патенттеп алуы ғылыми зерттеулер жасауға кедергі келтіріп, науқастарды емдеу мүмкіндігінен айырады деп шағым жасаған еді.

Бұл гендер туралы ақпарат өткен айда актриса Анджелина Джоли өзінен омырау безі қатерлі ісігін тудыру қаупі бар "бұзылған ген" табылғанын хабарлаған соң көпшіліктің назарын аудартқан еді. Джоли "бұзылған ген" табылған соң омырау бездерін операция жасатып алдырып тастаған.

Бұл гендердің патенті Myriad Genetics компаниясында болғандықтан оны анықтау бағасы тым жоғары (3000 АҚШ доллары шамасында). Осы себепті көптеген әйелдер аталған гендердің бар-жоғын анықтау мүмкіндігінен айырылып отыр.

Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!