Иранда президент сайлауы басталды

Фотография - Иранда президент сайлауы басталды

Иранда президент сайлауында дауыс беру басталды. Сайлау қарсаңында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, сайлаудағы бәсеке Иранның ядролық бағдарламалар бойынша бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани мен Тегеран мэрі, консервативті Мохаммад Бакер Халибаф арасында болмақ.  

137 0


Иранда президент сайлауында дауыс беру басталды.

Сайлау қарсаңында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, сайлаудағы бәсеке Иранның ядролық бағдарламалар бойынша бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани мен Тегеран мэрі, консервативті Мохаммад Бакер Халибаф арасында болмақ.

Президент сайлауына бұл екеуінен өзге төрт кандидат түседі. Олар - ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменейдің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи және бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.

Егер бүгінгі дауыс беруде бір де бір кандидат көпшілік дауысты жинай алмаса, онда өзгелерінен ең жоғары ұпай алған екі кандидат 21 маусымда екінші рет сайлауға түседі.

 


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!