Билікті сынаған блогер қамауға алынды

Фотография - Билікті сынаған блогер қамауға алынды

Вьетнамның әйгілі блогерлерінің бірі коммунистік билікті сынап мақала жазғаны үшін қамауға алынды

167 0

Вьетнамның әйгілі блогерлерінің бірі коммунистік билікті сынап мақала жазғаны үшін қамауға алынды. Бұл жайында Вьетнамның қоғамдық қауіпсіздік министрлігі хабарлады деп жазады Би-би-си.

61 жастағы Фам Вьет Дао бейсенбі күні Ханойда қамалды. Оған "бостандық пен демократия құқығын асыра пайдаланды" деген айып тағылып отыр. Егер осы айыптар сотта дәлелденетін болса Дао жеті жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Айта кетейік, вьетнамдық блогер өзінің парақшасында билік өкілдерін сынай келе, елдегі маңызды проблемаларды ашып жазған болатын. Атап айтқанда, Қытай мен Вьетнам арасындағы жер дауы Даоның блогында сөз болған. Мамыр айында да дәл осындай айыппен тағы бір вьетнамдық блогер Чьюнг Зуи Нят қамауға алынған болатын. Ал, былтыр қыркүйекте Вьетнам соты танымал үш блогерді билікке қарсы мақала жазғаны үшін 4 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырған еді.

Вьетнамдағы телеарналар мен басылымдардың барлығы мемлекеттің меншігінде болғанымен, жергілікті белсенді халық іштегі мұңын интернетте жазады.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!