Иран сайлауында әзірге еш үміткер көпшілік дауыс жинай алмады

Фотография - Иран сайлауында әзірге еш үміткер көпшілік дауыс жинай алмады

Иран ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, президент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани өзге бес кандидаттан алда келеді. Бірақ ол президент болуға қажетті көпшілік дауысты жинай қоймады.

195 0

Иран ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, президент сайлауының алдын ала нәтижелері бойынша Иранның ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани өзге бес кандидаттан алда келеді. Бірақ ол президент болуға қажетті көпшілік дауысты жинай қоймады.

Ішкі істер министрі Мохаммад Наджардың айтуына қарағанда, жұма күнгі дауыс берудің алдын ала нәтижелеріне сай Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Халибаф екінші орында тұр. 50 миллионға жуық сайлаушының 70 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.

Президент сайлауына бұл екеуінен өзге төрт кандидат түсті. Олар - ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменейдің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи және бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.

Егер бұл жолғы сайлауда ешбір кандидат президент болуға қажетті көпшілік дауысты жинай алмаса, өзгелерінен ең жоғары дауыс алған екі кандидат 21 маусымда сайлаудың екінші кезеңіне қатысады.

Бұл сайлауда жеңіске жеткен кандидат президент қызметін екі мерзім қатарынан атқарған Махмуд Ахмадинежадты алмастырады.

Бұған дейінгі президент сайлауында оппозиция дауыс беруде бұрмалаушылықтар болғанын мәлімдеп, наразылық шерулеріне шыққан еді. Бірақ Иран үкіметі наразылық танытушыларды басып-жаншыған.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!