Иранның президенті Хасан Рохани болды

Фотография - Иранның президенті Хасан Рохани болды

Иранның жаңа президенті болып елдің ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани (64 жаста) сайланды. Иран ішкі істер министрі Мостафа Мохаммад Наджардың айтуынша, оған сайлаушылардың 50,7 пайызы дауыс берген

237 0

Иранның жаңа президенті болып елдің ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани (64 жаста) сайланды. Иран ішкі істер министрі Мостафа Мохаммад Наджардың айтуынша, оған сайлаушылардың 50,7 пайызы дауыс берген.

Президент сайлауына барлығы алты кандидат түсті. Олар -  Хасан Рохани, Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Калибаф, ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменеидің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи және бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.

Иранда 14 маусым күні өткен сайлауда 50 миллионға жуық сайлаушының 70 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!