Пәкістанда содырлар студент қыздар мінген автобусты жарып жіберді

Фотография - Пәкістанда содырлар студент қыздар мінген автобусты жарып жіберді

Бүгін Пәкістанда бірнеше ірі лаңкестік актілер орын алды. Содырлар студенттер мінген автобусты жарып жіберді, содан кейін жараланғандар жеткізілген ауруханада жарылыс жасады

320 0

Бүгін Пәкістанда бірнеше ірі лаңкестік актілер орын алды. Содырлар студенттер мінген автобусты жарып жіберді, содан кейін жараланғандар жеткізілген ауруханада жарылыс жасады, деп хабарлады Утро.ру.

«Кветта қаласындағы (Бeлуджистан провинциясының орталығы) әйелдер университеті жанына қойылған автобуста жарылғыш құрылғы іске қосылды. Соның салдарынан кемінде 11 қыз мерт болды, тағы 22 адам зардап шекті, олардың кейбіреулерінің халы ауыр.

Жараланғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді, онда да жарылыс жасалды. Аурухана маңында одан кейін атыс болды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірге хабарланған жоқ.

Бұдан бұрын бүгін содырлар Белуджистандағы Пәкістанның негізін қалаған Мұхаммед Әли Джиннің резиденциясына шабуыл жасады. Олар үйдің ішіне қол гранаталарын лақтырып, тарихи ғимаратты күзетіп тұрған полицейді өлтірген. Шабуылға мотоцикл мінген төрт адам қатысқан. Соның салдарынан резиденциядағы ескі жәдігерлер жойылды. Атап айтқанда жиһаздар мен Джиннің фотосуреттері , ағаштан жасалған заттардың бәрі өртенді.

Бұл шабуылға жауапкершілікті Белуджистанның азаттық армиясының сеператистері өз мойнына алды, олар провинцияның тәуелсіздігі үшін күресуде. Бұдан бұрын осы жылдың басында Кветтада жарылыс болып, 200-ге тарта адам мерт болған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!