Халықаралық қауымдастық Хасан Роханидің жеңісін қолдады

Фотография - Халықаралық қауымдастық Хасан Роханидің жеңісін қолдады

Халықаралық қауымдастық Хасан Роханидің Иран президенті болып сайланғанына қолдау танытып, Тегеранмен ынтымақтастықтың қайта жанданатынына үміт артты

189 0

Халықаралық қауымдастық Хасан Роханидің Иран президенті болып сайланғанына қолдау танытып, Тегеранмен ынтымақтастықтың қайта жанданатынына үміт артты.

Иранмен бірнеше жыл бойы жаулық қарым-қатынаста болған АҚШ бұл елдегі дауыс беру нәтижелерін "құрметтейтінін" және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешу ісіне "тікелей көмек көрсететінін" білдірді. Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Иранның ядролық мәселесін реттеуде Рохани үкіметімен жұмыс істеуге әзір екенін мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Иран аймақтық және халықаралық мәселелерді шешуде "конструктивті рөл" атқаратынынан үмітті екенін айтты.

Ал Тегеранның қарсыласы Израиль Иранның ядролық мәселесін президент емес, рухани жетекшісі шешетінін айтып, Иранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға шақырды.

Иранда 14 маусымда өткен президент сайлауында елдің ядролық бағдарламаларына қатысты бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани (64 жаста) жеңіске жеткен. Ресми есеп бойынша, оған сайлаушының 50,7 пайызы дауыс берген.

Сайлауда 50 миллионға жуық сайлаушының 70 пайыздан астамы дауыс беруге қатысқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!