Чехия премьері отставкаға кетпек

Фотография - Чехия премьері отставкаға кетпек

Чехия премьер-министрі Петр Нечас отставкаға кететінін мәлімдеді. Чех үкіметі басшысының отставкаға кетуіне оның жақын көмекшісінің сыбайлас жесқорлық пен  тыңшылыққа қатысты дауға қалуы себеп болып отыр.

187 0

Бұған дейін бас прокуратура Нечас үкіметі аппаратының басшысы Яна Нагиеваға "парламент мүшелерін сатып алумен айналысты" және "чех арнайы қызметіне Некастың әйеліне тыңшылық жасауға тапсырма берді" деп айып таққан еді. Әйелімен ажырасып жатқан Петр Нечас тыңшылық туралы ешнәрсе білмегенін, бірақ тағылған айып оның беделіне қатты нұқсан келтіргенін мәлімдеген.

Петр Нечастың коалициядағы серіктестері бұдан ары оған саяси қолдау көрсете алмайтындарын ескерткен.Чехия конституциясы бойынша, енді үкіметтің барлық мүшесі бірдей отставкаға кетуі тиіс.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа премьерді анықтау үшін басқарушы коалиция, оппозиция өкілдері мен президент ұзақ келіссөздер жүргізуі қажет.

Тегтер:

Ресей

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!