Ердоған: Гезиді шерушілерден тазалау қажет

Фотография - Ердоған: Гезиді шерушілерден тазалау қажет

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған жексенбіде Стамбулдағы Гези паркін үкіметке қарсы шерулетіп тұрған демонстранттардан босатуды "жеке парызым" деп атады

301 0

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған жексенбіде Стамбулдағы Гези паркін үкіметке қарсы шерулетіп тұрған демонстранттардан босатуды "жеке парызым" деп атады. Ол мұны Стамбулда өзін қолдаған жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде айтты. Ердоғанды қолдаған шеруге ондаған мың адам қатысты.

Ердоған үкіметін жақтаған шерумен бір мезгілде Стамбул мен Анкарада да билікке қарсы демонстрациялар өтіп, екі жақ арасында қақтығыстар болды.

Өткен сенбіде Стамбулда полиция Таксим алаңына жақын Гези паркінен шерушілерді қуып тарату үшін күш қолданған еді.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратқан соң бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Шерулер біртіндеп үкіметке қарсы сипат алып, демонстранттар Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен.

Жексенбіде Түркияның екі кәсіподағы дүйсенбіде үкіметке қарсы жалпыхалықтық ереуілге шығатындарын мәлімдеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!