Қырғызстанда оппозициялық үш депутат ақталды

Фотография - Қырғызстанда оппозициялық үш депутат ақталды

Бішкек соты билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының үш депутатын ақтап, оларды дереу босатуға үкім шығарды.

307 0

Бішкек соты билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының үш депутатын ақтап, оларды дереу босатуға үкім шығарды.

Наурыз айында Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытов "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыпталып бір жылдан бір жарым жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған еді. Үшеуі өткен жылдың қазанында үкіметке қарсы демонстрациялар ұйымдастырды деген айыппен тұтқындалған. 

Прокурорлар сотта оларға тоғыз жылдан он жылға дейін жаза кесуді сұраған.

Сот әуелде үкімді 24 маусымда шығармақшы еді. Дүйсенбідегі сот отырысы кезінде оппозиция жақтастары тәртіпсіздіктер ұйымдастырды. Наразылар үш депутатты дереу босатуды талап етіп, сот пен прокурорға бөтелке мен аяқ киім лақтырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!