Түркия үкіметі: Шерушілерге қарсы армия пайдаланылуы мүмкін

Фотография - Түркия үкіметі: Шерушілерге қарсы армия пайдаланылуы мүмкін

Түркия вице-премьері Бюлент Арынч билік үшінші аптаға созылған наразылық шерулерін тоқтату үшін полицияға көмекке әскери бөлімдерді жіберуі мүмкін екенін ескертті. Премьер Режеп Тайып Ердоған үкіметі наразылықтар басталғалы бері шерушілерге қарсы бірінші рет осындай доқ көрсетіп отыр.

269 0

Дүйсенбіде Түркияның екі кәсіподақ ұйымы Стамбулдың Таксим алаңында полицияның демонстранттарға күш қолданғанына наразылық танытып, ереуілге шыққан еді.

Бұған дейін ішкі істер министрі шеруді заңсыз деп, оған қатысқандар жауапқа тартылатынын ескерткен.

Кәсіподақ өкілдері 15 маусымда Таксим алаңында демонстранттарды күшпен қуып тарату "Ердоған үкіметінің халыққа қарсы ашық шабуыл бастағанын көрсетеді" деп мәлімдеген.

31 мамыр күні Гези паркіндегі құрылысқа қарсы акция болып, полиция оны күшпен таратқан соң бірнеше қалада қарсылық шерулері басталған. Шерулер біртіндеп үкіметке қарсы сипат алып, демонстранттар Ердоған үкіметінің отставкаға кетуін талап еткен.

Тегтер:

түркия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!