Сан-Паулу халқы жаппай ереуілге шықты

Фотография - Сан-Паулу халқы жаппай ереуілге шықты

Бразилияның Сан-Паулу қаласында он мыңдаған адам наразылық шеруіне шықты. Олар қоғамдық көліктердегі жол ақысының қымбаттауына және Футболдан 2014 жылы өтетін Әлем чемпионатына жұмсалатын шығынның тым көптігіне қарсылық білдіруде.

318 0

Ереуілдер тек Сан-Паулуда ғана емес, сондай-ақ, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти қалаларында да жалғасты. Тіпті, наразы топ Конфедерация кубогі үшін өтіп жатқан футболдан Халықаралық жарысқа да кедергі келтірмек болып, стадионға бет алған. Тәртіп сақшыларымен қақтығысқан олардың біразы дене жарақаттарын да алды.

Естеріңізге салайық, Бразилиядағы халық толқулары өткен аптада басталған болатын. Қоғамдық көліктердегі жол ақысының қымбаттауына қарсылық білдірген тұрғындар жер-жерде бас көтеріп жатыр. Олар сонымен қатар, билік өкілдерінің футболдан Әлем чемпионатын өткізуге қыруар қаржы жұмсауына да наразы.

"Билік өкілдері білім беру, денсаулық сақтау сынды маңызды әлеуметтік салаларды қаржыландырудың орнынан спорттық шараларға тым көп ақша жұмсап жатыр" дейді ереуілге шыққандар.

Тегтер:

АҚШ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!