Британ және француз мұсылмандары қан тапсыруда белсенділік танытты

Фотография - Британ және француз мұсылмандары қан тапсыруда белсенділік танытты

Бүкіләлемдік қан тапсыру күніне орай британдық және француздық мұсылмандар кең ауқымды қайырымдылық іске мұрындық болып отыр.

213 0

Бүкіләлемдік қан тапсыру күніне орай британдық және француздық мұсылмандар кең ауқымды қайырымдылық іске мұрындық болып отыр.

Лондонның аса ірі мешіттерінде Ұлыбританияның жас мұсылмандар ұйымы жұртты қан тапсыруға шақырды. Өз кезегінде Францияның да белгілі мұсылман ұйымдары қарап қалмай, осы науқанға атсалысты. Бұл жайында ajib.fr ақпарат порталы хабар таратты.

Көңілден әлі сызы кете қоймаған Лондондағы қайғылы оқиғаға байланысты елде исламофобия өршіп кеткен еді. Осыған орай бірқатар жас мұсылмандар ұйымы «Мен – мұсылманмын, мен қан тапсырамын» деген атпен қайырымдылық іске ұйытқы болды. Олар осынау қайырымдылық іске адамдарды көптеп тарту үшін әлеуметтік желілерді де пайдаланды.

Ал Францияның аса ірі мұсылмандар ұйымы Париждегі, Лиондағы, Страсбургтегі, Марселдегі, Сент-Этьендегі, т.б. қалалардағы мешіттердің жанынан қан жинайтын бекеттер ұйымдастырды. Бұған қоса, француз мұсылмандары Париждегі Монпарнас вокзалы маңында қан жинауға арналған «Өмір сыйла – қан тапсыр» деген тақырыппен жалпыұлттық акцияға қосылды.

Осынау қайырымдылық іске мұрындық болған бастамашыл азаматтардың бірі, Авиценна атындағы медициналық қауымдастықтың бас хатшысы Махмұд Әбдідайымның айтуынша, жыл сайын осынау шара аясында 153 бекет және 40-тан аса медициналық пункт іске қосылады. 


Тегтер:

Брюссель

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!